Басшының блогы

Құрметті спорт сүйер қауым, әріптестер және достар!

Сіздерді Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының жеке сайтында көруге қуаныштымыз. Осы сайттан сіздер алматылық спортшылардың әр түрлі жарыстарға қатысужөніндегі толық және нақты ақпаратты ала аласыздар, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт басқармасына қатысты соңғы жаңалықтармен таныс боласыздар.Елімізде дене шынықтыру және спортты дамыту – мемлекетіміздің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі.

Спортшыларымыздың әлемдік ареналардағы жеңістері халықаралық қауымдастық алдында еліміздің имиджін арттырса, жеңіс тұғырында көк туымыздың желбіреуі, Қазақстан үшін ең үздік позициялау болып табылады!Сондықтан бұл сала көбірек жауапкершілікті қажет етеді. Себебі қазақстандық спортшылардың жеңістері де оқшауланған қалыпта емес, жүйелі қалыптасқан үрдіске айналуы қажет.

Бүгінгі күні Алматы Республикамыздағы ең ірі спорт орталығына айналды. Бұл жылы қаламызда бұқаралық спортты дамыту мақсатында  «Спорттық Алматы» және «Спорт менің ауламда» бағдарламалары қабылданды. «Спорттық Алматы»  бағдарламасының мақсаты  түрлі бағыттағы спорттық іс-шараларды біріктіріп, барлық жастағы  қала халқын жүйелі спортпен айналысумен қамту. 2017 жылы Алматыда «Спорт менің ауламда» атты спорттық бағдарламасы іске қосылды. Бұл жоба арқылы 7 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер қалаған спорт түрімен, өз аулаларында нұсқаушылармен  бірге  шұғылдана алады. Бағдарлама осы жылдың көктемінен бастау алып, 2019 жылға дейін жалғасады. Бапкерлер  белгіленген кесте бойынша күн сайын шеберлік сабақтарын өткізеді. Олар келген барлық қатысушыларды дұрыс жаттығып, ойнауға үйретеді.

Құрметпен, Әбіл Бекетұлы Дөңбаев.

Тұрғындарды қабылдау: Жұма – 15:00-17:00