Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру - Спорттағы жоғарғы жетістіктер бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына сәйкес өткізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14939 болып тіркелді.
 
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
  • жоғары білім;
  • мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
  • Басқармада аталған мамандық төменгі категорияда болғандықтан жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
 
«Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама телефоны, факс 8 (727) 264-60-98, e-mail: www.almatysports.kz Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
 
Спорттағы жоғарғы жетістіктер бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік.
Санат  Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
D-О-4 83 282 112 430
 
 
Функционалдық міндеттер: Алматы қаласы аудандары халықтары арасында спорттық-бұқаралық және денешынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыра білу; аудан аумағында орналасқан оқу орындарында, кәсіпорындарда, спорт және аула клубтарында, спорт мектептерінде, әр түрлі спорт түрлері федерацияларында дене шынықтыру мен спортты сапалы дамыту үшін дене шынықтыру - спорт белсенділерін анықтау; спортшылардың халықаралық және республикалық жарыстарда көрсеткен спорттық нәтижелерін есепке алу және талдау; олимпиадалық резервтегі және балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жұмысын талдап, санақ жүргізу; жоғарғы спорт шеберлігі топтарын және спорттық жетілдіру топтарын бекіту үшін құжаттарды дайындайды; спорт түрлерінен аға жаттықтырушылардың жұмысына бақылау және көмек беру; спорт түрлерінен қалалық құрама командаларының оқу-жаттығу кезеңдеріне бақылау жасайды; бекітілген талаптарға сәйкес құрметті атақтарды, спорттық атақтарды, разраядтар, тренерлік және төрешілік санаттарын беру жөніндегі құжаттарды дайындайды; Басқармаға бағанысты кәсіпорындардың құқықтық құжаттарын әзірлеуге қатысады.
Жалпы конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білім (дене шынықтыру және спорт) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) салаларында жоғарғы білім.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1.  Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

4.  бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі

4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6.  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7.  құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8.  конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9.  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Жоғарыда аталған 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу екінші бағдарлама бойынша B-5, B-6, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екінші бағдарлама бойынша  А-4, А-5, B-5, B-6, C-4, C-5, C-O-5, C-O-6, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы e-mail: www.almatysports.kz интернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Конкурс өткізу қағидалары және құжаттардың үлгілері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасында әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтеді. (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 5 қабат, 530 бөлме).
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Азаматтар  конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

22.05.2018 ж.
                                                                                                                          
Қатысушылары мен кандидаттары «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама
 
Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

- Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.
- Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынуға.
- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.
- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.
- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.
- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.
- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.
- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе  конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.
- Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге;
- Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.



ХАБАРЛАНДЫРУ
 
Спорттағы жоғарғы жетістіктер бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты,     1-бірлік) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналастыру үшін жарияланған жалпы конкурс бойынша үміткерлермен әңгімелесу 2018 жылғы    6 маусым күні сағат 10.00-де өтеді (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4,   530 бөлме). Әңгімелесуге жіберілген кандидат:
  • Жумжаев Нурсултан Ерланович
 
01.06.2018 ж.

ХАБАРЛАНДЫРУ


 2018 жылғы 6 маусым күні өткізілген әңгімелесулер нәтижелерінің негізінде кандидатты бағалай отырып, комиссия «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу туралы шешім қабылдады: Спорттағы жоғарғы жетістіктер бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты,     1-бірлік)   Жумжаев Нурсултан Ерлановичті тағайындау туралы ұсыныс енгізілді.

 11.06.2018 ж.
 

Құжаттар

  1. 2-Қосымша (doc, 34Кб)
    22.05.2018, 09:07   128
  2. 3-Қосымша (doc, 44Кб)
    22.05.2018, 09:07   136