Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-O-2 санаты үшін: жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы:стресске орнықтылық,
бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға
бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және
әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық
ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4,  C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес. Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min max D-О-2 411 446 563 667

«Алматы қаласы Спорт басқармасы» КММ, 050001, Алматы қаласы,
Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 264-58-41, 264-60-98 e-mail:
u.sports@almaty.gov.kz, конкурс жариялайды:
Алматы қаласы Спорт басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты
(1 бірлік).


Басқарма басшысының орынбасары, D-О-2 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:
- Спорт саласы бойынша мемлекеттік саясатты
жүзеге асыруды ұйымдастырады және үйлестіреді;
- Басқарма бастығы болмаған жағдайда оның қызметін атқарады;
- Басқарманың спорт бөлімдерінің қызметтерін үйлестіреді;
- спортшылардың сапалы дайындығы мен табысты өнер көрсетуі үшін жағдайлар жасайды және аймақтық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға, халықаралық, республикалық кешенді іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді;
- балалар-жасөспірімдер мектебі, спорттық клубтар және спорттық ұйымдардың дамуын үйлестіреді және ол жерлерде оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырады;
- қалада спорттық шаралар өткізуді қамтамасыз етеді және ұйымдастырады, сондай-ақ қала аймағында өткізілетін халықаралық және республикалық жарыстардың өтуіне жағдай жасайды;
- дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлердің біліктілігін көтеру, қайта оқыту, дайындау
мәселелерін үйлестіреді; спорт түрлері бойынша федерациялармен жұмыс жасауды
іске асырады;
- қала құрама командалары мен ведомстволық ұйымдарда спорт
түрлерін дамыту бойынша талдау жүргізеді және оқу-спорт процессін бақылайды;
- бұқаралық спорт іс-шаралары күнтізбесін қалыптастыру және орындау қызметін
үйлестіру; спорттық объектілерге мониторинг жүргізу;
- Басқармада жүргізілетін мемлекеттік сатып алулардың қалыптасуы мен орындалуын қамтамасыз етеді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау туралы аналитикалық анықтамалар дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім (дене
шынықтыру және спорт) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық
қорғау қызметі) салаларында жоғарғы білім.


Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған құжат тапсырғанға
дейінгі мерзімі 30 күннен ары емес мерзімдегі қызметтік тізім.
Құжаттардың толық немесе талапқа сай болмауы конкурстық комиссияның
ол құжаттарды қарамауға негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы
жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде,
көрсетілген мекен-жай бойынша басқармаға тапсырылуы тиіс.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне
қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы
құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар
және өзгеде олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер)
қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар Алматы қаласы Спорт
басқармасына құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда
көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov»
электрондық Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде Алматы қаласы Спорт басқармасының
электрондық поштасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе "Е-қызмет"
интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы
әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлғаны конкурс комиссиясы әңгімелесуден
өтуге жібермейді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны
кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап
үш жұмыс күн ішіндеАлматы қаласы Спорт басқармасында өтеді.


Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз
ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан
Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының,
Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген
бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық
бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және
саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті
органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды.
Кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені
жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-
әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді
жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық
жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға
әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару
қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару
қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін
немесе электрондық көшірмесін ұсынады.


Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның
аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот
тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының
тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы
Сейфуллин даңғылы 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет
істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы
қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары
арқылы жүгінуге құқылы.


Хабарландыру

Алматы қаласы Спорт басқармасы басшының орынбасары (D-O-2 санаты, 1 бірлік) мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс бойынша үміткермен әңгімелесу 2019 жылғы 28 ақпан күні сағат 9.00-де өтеді.( Алматы қаласы, Республика алаңы,4, 530 бөлме).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттың тізімі:
1. Кенжебулатов Еркебулан Мейрамұлы