Алматы қаласы Спорт басқармасы» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
                                                                          
D-O-4 санаты үшін: жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
 
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санаты Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
min max

D-O-4

195 895 255 514
 





«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №123 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. Алматы қаласы Спорт басқармасы Жоғарғы спорт жетістіктері бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).
            Функционалдық міндеттері: Алматы қаласы аудандары халықтары арасында спорттық-бұқаралық және денешынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыра білу;аудан аумағында орналасқан оқу орындарында, кәсіпорындарда, спорт және аула клубтарында, спорт мектептерінде, әр түрлі спорт түрлері федерацияларында дене шынықтыру мен спортты сапалы дамыту үшін дене шынықтыру - спорт белсенділерін анықтау;спортшылардың халықаралық және республикалық жарыстарда көрсеткен спорттық нәтижелерін есепке алу және талдау;олимпиадалық резервтегі және балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жұмысын талдап, санақ жүргізу;жоғарғы   спорт  шеберлігі топтарын және спорттық жетілдіру топтарын бекіту үшін құжаттарды дайындайды;спорт түрлерінен аға жаттықтырушылардың жұмысына бақылау және көмек беру;спорт түрлерінен қалалық құрама командаларының оқу-жаттығу кезеңдеріне бақылау жасайды; бекітілген талаптарға сәйкес құрметті атақтарды, спорттық атақтарды, разраядтар, тренерлік және төрешілік санаттарын беру жөніндегі құжаттарды дайындайды; Басқармаға бағанысты кәсіпорындардың құқықтық құжаттарын әзірлеуге қатысады. Тереңдетілген оқу-жаттығу жиындарының процессін және оқу күндері ұзартылған мамандандырылған  топтардың жұмысын бағыттайды; мамандандырылған топтар бойынша құжаттама жүргізеді; мамандандырылған топтың оқушыларымен жаттығу өткізетін қалалық білім басқармасы, жалпы білім беретін мектептер мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептер арасында байланысты қамтамасыз етеді; қалада өткізілетін спорттық шараларды талдайды және есеп жүргізеді; спорттық ұйымдарға методикалық және кеңестік көмек береді; қалалық жарыстардың хаттамаларын жүргізеді; бөлімінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша келіп түскен хаттармен жұмыс істейді; спортшылардың разрядттары мен санаттарын беру туралы комиссияның қарауына құжаттарды дайындайды, тексереді және жібереді.
Үміткерлерге қойылатын талаптар. Жоғары білім (дене шынықтыру және спорт), құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет) саласында.
2. Алматы қаласы Спорт басқармасы  Бұқаралық спорт бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Бұқаралық - сауықтыру денешынықтыру, туристік көпсайыс және спорттық туризм саласын дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асырады; дене шынықтыру  және спортты сапалы дамыту үшін, аудан аумағында орналасқан мекемелер, оқу орындар, кәсіпорындар, спорт және аула клубтары, спорттық мектептер, әр-түрлі спорт федерацияларында спорт белсенділерін анықтау және тағайындау; спортшылардың халықаралық және республикалық жарыстарда көрсеткен спорттық нәтижелерін есепке алу және талдау; олимпиадалық резервтегі және жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің  жұмыстарына статистикалық талдау жүргізу; жоғары спорт шеберлері топтарын және жетлідіру топтарын бекіту үшін, қажетті құжаттар дайындау; спорт түрлері бойынша аға спорт жаттықтырушыларының жұмысына бақылау жүргізу және көмек беру; спорт түрлері бойынша қалалық құраманың оқу-жаттығу процесстеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етеді; спорт түрлері бойынша спорттық клубтардың құқықтық құжаттарын әзірлеуге қатысады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар. Жоғары білім білім (дене шынықтыру және спорт); құқық (құқық қорғау қызмет және/немесе халықаралық құқық және/немесе құқықтану); гуманитарлық ғылымдары (мәдениеттану және/немесе халықаралық қатынастар) саласыда.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Бірыңғай персоналды дамыту қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 4-қабат, 472 бөлме) тапсырылуы тиіс.
 Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-де өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар бірыңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және www.kyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.
 
 
Қатысушылары мен кандидаттары "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама
 
Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.
Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынуға.
Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.
Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.
Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.
Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.
Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе  конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.
Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.