Балалар мен жасөспірімдердің ұлттық спорт түрлеріне үлкен қызығушылықпен қатысуда

14.04.2018, Оқылғаны: 259
2018 жылдың 14 сәуірінде Әуезов ауданындағы № 20, 21, 22 спорттық аула алаңдарында "Халықтық-ұлттық спорт түрлері және бұқаралық денешынықтыру-сауықтыру клубының" ұйымдастыруымен "Спорт менің ауламда" атты бағдарламасы аясында ұлттық спорт түрлері: қазақ кұресі, тоғызқұмалақ, асық ату, бестас, бұқа тартыстан шеберлік сыныптары өткізілді. Спорттық іс-шарада 254 қатысушылар болды.