Алатау ауданында мектеп оқушыларыарасында жарыстар өтіп жатыр

09.04.2018, Оқылғаны: 378

Бүгін Алатау ауданында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында оқушылар арасындажарыстар өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Осы аудандағы № 82, 171, 180-ші жалпы білім беретін мектептерінің 5-8 сынып оқушылары асық-ату, шағын футбол, арқан тарту,баскетбол спорт түрлерінен, сонымен қатар бірнеше байқауларданөз бақтарын сынады. Аталмыш жарыста алдынғы аптада №14, 26, 166, 41, 149 және 91-ші мектеп оқушылары  өзара мықтыны анықтады.

Спорттық шараның  і ашылу салтанатында оқушылар би билеп, ән салып көңіл көтерсе, ұйымдастырушылар мен директорлар қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы  бойынша,  жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медалдармен марапатталды.

Айта кетер жайт, оқушылар арасындағы жарыстар «Спорттык Алматы» бағдарламасы аясында 2016 жылдан бастап өткізілуде. Оның басты мақсаты қатысушылардын арасында салауатты өмір салтыннасихаттап, балалардын спортқа деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жоба.