Алматыда хоккейден әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының үшінші туры өтеді

19.04.2018, Оқылғаны: 265

Сәуірдің 20-і мен 24-і  аралығында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында хоккейден әйелдер  арасындағы Қазақстан  біріншілігінің үшінші туры өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Алматылық «Айсұлу» мен «Айсұлу-18» командалары қонақтарды күнделікті сағат 10:00-де және 12:40-та қабылдайтын болады. Ойындар  спорт сарайының кіші залында өтеді. Айта кетер жайт, ел чемпионатында алматылық «Айсұлу» бірінші орынмен көш бастап тұр.

20 сәуір

10:00. «Томирис» – «Горняк»

12:40. «Торпедо» – «АйсұлуU-18»

21 сәуір

10:00. «Айсұлу» - «Айсұлу-18»

12:40. «Торпедо» - «Горняк»

22 сәуір

10:00. «Айсұлу» - «Томирис»

12:40. «Айсұлу-18» - «Горняк»

23 сәуір

10:00. «Айсұлу» - «Торпедо»

12:40. «Айсұлу-18» - «Томирис»

24 сәуір

10:00. «Томирис» - «Торпедо»

12:40. «Айсұлу» - «Горняк»