Алматыда хоккейден әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының үшінші туры басталды

20.04.2018, Оқылғаны: 295

Бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігінің үшінші турының алғашқы кездесулері өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бірінші болып жарыс жолына «Томирис» пен «Горняк» шықты. Бұл кездесуде астаналық қыздар Рудный хоккейшілерін 19:0 есебімен ойсырата ұтты.

Сонымен қатар, екінші ойында «Айсұлу U-18» мен «Торпедо командалары арасында өтті. Алғашқы екі кезең бірдей ұпай сандарымен аяқталды. Біріншісінде 1:1, ал екіншісінде сәйкесінше 2:2. Бірақ, үшінші кезеңде өскемендік "Торпедо" алаң қожайындарының қақпасына екі шайба салып, 4:3 есебімен жеңіске жетті.

- Шешуші үшінші турда 5 команда жарыс жолына шығады. Олар айналыма жүйесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Осы турда «Айсұлу U-18» алға ұмтылу үшін жақсы нәтижелер көрсетуі қажет. Бірақ, олар тек төртінші орынды ғана иелене алады. Жүлделі орындарды сарапқа салу үшін әлі де біраз жұмыс істеу қажет. Ал «Айсұлу» тұрақты түрде бірінші орында, оған қоса, олардың басты қарсыластары астаналық хоккейші қыздар қателіктер жіберіп, ұпайларын жоғалтқан болатын. Осы жылы да «Айсұлу» Қазақстан чемпионы атанады деп ойлаймын, - деп қорытындылады жарыстың бас төрешісі Сергей Петреченко.

Еске сала кетсек, алматылық «Айсұлу» мен «Айсұлу-18» командалары қонақтарды күнделікті сағат 10:00-де және 12:40-та қабылдайтын болады. Ойындар спорт сарайының кіші залында өтеді. Айта кетер жайт, ел чемпионатында алматылық «Айсұлу» бірінші орынмен көш бастап тұр.

21 сәуір

10:00. «Айсұлу» - «Айсұлу-18»

12:40. «Торпедо» - «Горняк»

22 сәуір

10:00. «Айсұлу» - «Томирис»

12:40. «Айсұлу-18» - «Горняк»

23 сәуір

10:00. «Айсұлу» - «Торпедо»

12:40. «Айсұлу-18» - «Томирис»

24 сәуір

10:00. «Томирис» - «Торпедо»

12:40. «Айсұлу» - «Горняк»