Алматыда алғаш рет «Халық Барысы» ашық республикалық турнирі өтеді

24.04.2018, Оқылғаны: 249

Қазақстанның әр аймағынан келген 1000-нан астам балуандар 20 миллион теңгені сарапқа салады. Алматыда мамырдың 7-і мен 8-і күндері алғаш рет «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплинінде ұлттық спорт түрі белдесуден жарыс өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Қала тұрғындары мен қонақтары белдесу спортының қайта жанданғаның көріп, жаңа спортшылардың есімдерімен танысуға мүмкіндік алады. Бұл күрес түрі әлем бойынша Олимпиада ойындарына кірмейтін спорт түрлері қатарына ресми түрде еніп, ЮНЕСКО-ның қолдауында.

Бұл спорттық шараның салтанатты ашылу рәсімі мен соған арналған гала-концерт мамырдың 7-і күні, еліміздің отан қорғаушылар күні өтеді. Концерттік бағдарламада эстарадмыздың жарық жұлдыздары Қайрат Нұртас, Мейрамбек Беспаев, Мадина Садуақасова, Ұшқын, Ерболат Құдайбергенов, Маржан Арапбаева және өзгеде әншілер ұлттық және жаңа әндерін орындайтын болады. Ертеңінде жарыс басталып, жеңімпаздар анықталады. Бірінші республикалық «Халық Барысы» турнирі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Белдесудің ережесі: егер балуандардың бірі жерге құлап қалса, не болмаса қолы, тізесі және де басқа да дене мүшелері жерге тисе оған жеңіліс беріледі. Бұл күрес түрінде әдейі ауыртпалық жасауға, қылқындыруға болмайды. Керісінше, жамбас, қырқа шалу, кеудеден асыра лақтыру сынды әдістер қолданылады. Сонымен қатар, спортшылар аяқтан шалу, лақтыру, бір-бірін итеру әдістеріне жүгінсе болады. Қатысушылар тек тұрып, белден жоғары ғана ұстауға болады, одан төмен болса әдіс саналмай, сол балуан жеңіліске ұшырайды. Бір белдесу бес минут созылады. Егер сол уақыт ішінде жеңімпаз анықталмаса, қосымша үш минут беріледі. Егер сол үш минутта да жеңімпаз анықталмаса, қатысушылар салмақ өлшеу рәсімін өтеді. Кімнің салмағы аз болып шықса, сол балуанға жеңіс беріледі.

«Халық Барысы» ұлттық фестивалінің мақсаты ұлттық спорт түрлерін, ұлттық құндылық пен тарихи мұраны, және белдесу спортын қайта

жанғырту, жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Айта кетер жайт, мамырдың 7-і күні Алматының ипподромында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында дәстүрге айналған «Ұлы дала ойындары» фестивалі өтеді. Үшінші жыл қатарынан өтетін фестивалде ат жарыстары мен ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады. Олар, аламан бәйге, құнан бәйге, ұшқыр бәйге, жорға, сондай-ақ, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, қыз қуу, көкпар 3х3. Сонымен қатар, көрермендерге еліміздің эстарада жұлдыздары ән салып, каскадерлар өз өнерлерін ортаға салады. Бұл спорттық шараның ашылу салтанаты сағат 13:30-да.

Сонымен қатар, мамырдың 1-і күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Алматы Барысы» турнирінің жалауы желбірейді. Басталуы 17:00-де.