Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтеді

26.04.2018, Оқылғаны: 305

Сәуірдің 29-і күні "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ xабарлайды. 

Жарыс жеңіл атлетика, бадминтон, шағын футбол, жүзу, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және дойбы спорт түрлерінен Республикалық спорт колледжінде (Тимирязев көшесі-41) өтеді. Басталуы 10:00-де.

Спартакиадаға кез келген жастағы көру, есту, ТҚАЗ қабілеттері нашар ұлдар мен қыздар қатысуға мүмкіндік алады. Олар өз категориялары   бойынша бақтарын сынайды. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медал және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бұл спартакиаданың басты мақсаты салауатты өмір салтын насиxаттау және мүмкіндігі шектеулі жандарға тең мүмкіндік сыйлау болып табылады.

Қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Спорттык Алматы» бағдарламасы осымен үшінші жыл қатарынан ерекше жандар арасында спартакиада ұйымдастырып, оларды нағыз спортшы ретінде сезінуге мүмкіндік сыйлайды.