Алматыда «Жастар Көкпар Лигасы» бойынша маусымындағы 2-ші турнир өтеді

25.04.2018, Оқылғаны: 489

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында “Жастар Көкпар Лигасы” және Қазақ Спорт Туризм Академиясының ұйымдастыруымен сәуір айының 29-шы жұлдызында Алматы қаласы, Сейфуллина 26 даңғылында орналасқан “АЛАШ” стадионында ұлттық спортымызды дамыту мақсатында Алматы қаласының студенттері арасында «Жастар Көкпар Лигасы» бойынша 2017-2018 маусымындағы кезекті 2-ші турниры өтеді.

Қазақтың ұлттық спорт ойындарының барлығы дерлік, оның ішінде әсіресе, осы көкпар тарту ойыны өскелең өркен, жас ұрпақтың бойында КҮШТІЛІК, ЕПТІЛІК, НАМЫСШЫЛДЫҚ, ОТАНСҮЙГІШТІК, ТАБАНДЫЛЫҚ және СЕНІМДІЛІК сияқты асыл қасиеттерді дамытатыны сөзсіз. Оның ішінде КӨКПАР ойыны ең КӨНЕ, ең БАТЫЛ және ең ҚЫЗЫҚТЫ ұлттық спорт түрі болып саналады.

Сондықтан да еліміздің 5 жетекші жоғары оқу орны Ұлттық Жастар Көкпар Лигасын ұйымдастырып, өздерінің жеке топтарын құрды:

  1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  2. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
  3. Қазақ Спорт және туризм академиясы
  4. Алматы Энергетика және байланыс университеті
  5. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Ұлттық Жастар Лигасын құру бастамасының Авторы және Демеушісі – Данияр Дәукей.

Осындай ынтымақтастықтың арқасында «Жастар Көкпар Лигасының» ойындары қаланың сыртындағы шаң-топырақтың арасында емес, қаланың қақ ортасында өтеді. Мысалы алғаш рет қаланың дәл ортасында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің орталық алаңында «Жастар Көкпар Лигасының» 2017-2018 маусымындағы алғашқы турниры өткен болатын, осы турнир Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық спортымыз көкпардың дамуына сүбелі үлесін қосты. Алдымыздағы келе жатқан турнир осы маусымның жалғасы болып табылады.

 Жастар Көкпар Лигасының өзіндік ерекшелігімен қатар дәстүрлі көкпарға қарағанда ережелерінде бірнеше өзгерістер бар. Бұл ережелер Қазақстан Республикасының Әділет Министірлігенде арнайы сараптамадан өтіп Паттентік құқық берілген(Куәліктің патенті №1613 03.07.2017).

        Лига ойындарың Қағидалары да өзгеше және ол мыналарға бағытталған:

  • Топтарды ұстаудың үнемділігі (алаңда екі жақтан 6 көкпаршы 3х3)
  • Ойыннның шапшаңдығы (100х50 м алаңда – әрқайсысы 5 минуттан 3 кезең)
  • Ойынның тартымдылығы (ойын алаңы көрермендер жаққа барынша жақындатылған, бүкіл тартысты көруге болады)
  • Ұлттық ойынды спорттық ойынға барынша жақындату (сойылған серкенің орнына арнайы дайындалған және патенттелген (Патент №1655) серке макеті қолданылады, сонымен қатар бұрынғы бетоннан жасалған қазандықтың орнына іші шөппен толтырылып, сырты жұмсақ матамен қапталған және арнайы паттентелген қазандық қолданылады (Патент №2652).
  • Ойын тек төл жылқы тұқымымыз – қарабайырлармен ғана өткізіледі (ертеде әскери жорықтарда пайдаланылған қазақ жылқысының көне тұқымы – қарабайыр өндірісін дамытуға мүмкіндік береді)

Мекенжайы: Сейфуллина даңғылы 26

Уақыты: 12.00, 29.04.2018