Алматыда қазақ күресінен «Алматы Барысы-2018» турнирі өтеді

26.04.2018, Оқылғаны: 522

Боз кілем бәсекесі  мамырдың 1-і  күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Қаламыздың ең ауқымды спорт шараларының біріне айналған жарысқа аудандық жарыстардан іріктелген үздік палуандар өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Турнирдің  жеңімпаздары мен жүлдегерлері белбеу және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жарыстың чемпионы атанып «Алматы Барысы-2018» белбеуіне ие болған палуан және  екінші, үшінші  орын алған спортшылар  республикалық «Казақстан Барысы-2018» турниріне жолдама алып, Алматының намысын қорғайтын болады.

«Алматы Барысы» — Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтетін дәстүрге айналған  боз кілем додасы болып саналады. Оның басты мақсаты қала тұрғындарының арасында қазақ күресін дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы

Басталуы мен салтанатты ашылу рәсімі: сағат 17.00