«Алматы» волейбол клубы Вьетнам кубогіне дайындалуда

03.05.2018, Оқылғаны: 330

Мамырдын 12-і мен 20-ы аралығында Вьетнам елінің  Куангнам аймағында қыздар арасындағы волейболдан дәстүрлі халықаралық «Кубок VTV 9 Tournament» кубогі өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Оған Азия елдерінен келген 8 команда, оның ішінде Қазақстан да өнер көрсетеді. Еліміздің намысын тұңғыш рет ұлттық құрама емес, «Алматы» волейбол клубы қорғайтын болады. Қазір Анатолий Дьяченко шәкірттері осы жарысқа қызу дайндалып жатыр.

- Біз жақсы өнер көрсетуге тырысамыз. Ол жақа Қытай, Жапония, Таиланд, Оңтүстік және Солтүстік Корея, Тайпей сынды елдердің  мықты ойыншылары қатысады. Сондықтан бізге осы жарыста өнер көрсету  үлкен мәртебе. Бізге бұл жақсы тәжірибе болады, - дейді «Алматы» волейбол клубының  бас бапкері Анатолий Дьяченко.

Айта кетер жайт, алматылық ұжым жақында ел чемпионатын аяқтап, төртінші орынға тұрақталған болатын. Команда қысқа демалыстан кейін жаттығуға қайта кірісіп кетті. Олардың  арасында осы жарысқа бірінші рет баратын ойыншылар жетерлік. Соның бірі команда капитаны Яна Петренко,  ол жақсы нәтиже көрсету үшін бар күшімізді саламыз деп отыр.

- Біз үшін бұл жарыс үлкен тәжірибе. Өзіміздің чемпионатта барлық 8 команда бір-бірін жақсы білгендіктен, өзге елдің  ойыншыларына қарсы ойнағымыз келеді. Жарыс қызық болайын деп тұр. Жеңуге тырысамыз, - деп өз ойымен Яна Петренко бөлісті.

Бұл Кубоктың  нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болады. Олардың көлемі 15, 10 және 7 мың долларды құрайды. Сондай-ақ, ойыншыларға номинациялар бойынша жүлделер қарастырылған.