Алматыда Наурызбай ауданында оқушылар арасында жарыстар өтті

21.05.2018, Оқылғаны: 285

Алматыда Наурызбай ауданында 5-8 сынып оқушылары арасында жарыстар өтті, деп xабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

«Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында өткен жарыста  балалар асық ату, арқан тарту, шағын футбол мен баскетболдан бақ сынады.

Барлық мектептерде спорттық  шараның  салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырушылар мен мектеп мұғалімдерінің ізгі тілектерімен басталды. Олар қатысушыларға сәттілік және жарқын жеңіс тіледі.

Өз жігерліктері мен шеберліктерін көрсеткен № 157, 176, 186, 188, 192, 187, 174-ші мектеп оқушылары өз ризашылықтарын білдіріп, жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдар   және  дипломдармен марапатталды.

 «Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.