Анатолий Кульназаров: Регби – қауіпсіз ойын

23.05.2018, Оқылғаны: 150

Ақпараттық және спорттық ХАБ оқырмандарын спортшылар мен спорт саласының тұлғаларымен таныстыруды жалғастыруда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алматының 100 спорт есімі» айдарында Кульназаров Анатолий Кожекенович.

Қазіргі танда Қазақстан регби федерациясының вице-президенті, жеңіл атлетикадан ҚСРО спорт шеберлігіне үміткер, ҚСРО сіңірген бапкері, Қазақстанның еңбек сіңігрген қайраткері болып табылады.

Жақында Алматыда регби-15-тен Азия чемпионаты өткен болатын. Байрақты бәсекеге  Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан және Монғолия мемлекеттері қатысты. Анатолий Кульназаров осы ойынға қонақ ретінде келіп, ХАБ журналисті ол кісімен сұхбаттасып, еліміздегі регбидің қазіргі ахуалын біліп қайтты.

- Қазіргі кезден қарағанда регби біздің елімізде кезінде жақсы дамыған. 90-шы жылдары  еліміздің  қыздар командасы студенттер арасындағы әлем чемпионатында Еуропа ойыншыларымен деңгейлес болды.  Ол  құрамада алматылық спортшылар басым болды.  Жігіттерімз де мінезді болатын. Ал, қазір деңгейіміз түсті. Енді ары қарай дамыту үшін қыздар ұлттық құрамасы Жапонияның астанасы Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу қажет . Сонымен қатар, регбиді бұқаралық түрде дамытуымыз керек. Осы  спорттың пайдасы туралы көп айтып, балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттаған жөн. Бізде сапалы резерв болуы керек.

- Бұл спортқа баланы неше жастан берген дұрыс?

- 4 жастан берсе болады. Бұл спорт сырт көзге дөрекі, қауіпті көрінгенімен пайдасы өте зор. Баланың  күш қуаты мол болып ол өзін сенімді, мықты сезінеді.

- Қауіпті спорт емес па?

- Жоқ. Егер сен барлық ережелерді сақтасаң ешқандай жарақат болмайды. Бұл жерде баланы бірінші күннен бастап, ережелерімен таныстырып, қалай ойнау керек екендігін үйретеді. Егер ереже бұзсан қатты жазаланасын. Ағылшындықтар регбиге  балаларын  4 жастан береді екен, егер ол қауіпті ойын болса, олай жасамас еді. Сондықтан  осы спорт түрін насихаттап,  елге жариялап, түсіндіруіміз қажет.

- Сіздің ойыңызша,  елімізде қазіргі регбидің деңгейі қалай?

- Қазір біз бұл ойынды қайта жаңғыртудамыз. Бірақ бәрі бір  кезең бойынша және кешенді түрде дайындық жүріп отыру керек. Спортшылардың  техникасын дамытып, жастарды осы спортқа қызықтыру қажет. Иә. Мен кезінде жеңіл атлетикамен айналыстым. Ал, енді регби   әлемде ең керемет спорт екендігін енді түсініп отырмын.