Алматыда гандболдан XXVI Қазақстан чемпионаты өтеді

24.05.2018, Оқылғаны: 227

Мамырдың 26-ы  мен маусымның 1-і  аралығында «Достық» спорт кешенінде гандболдан ерлер  мен әйелдер  арасында XXVI Қазақстан чемпионаты өтеді. Супер лиганың әйелдер командалары Play-off-та кездессе, жоғары және супер лиганың ерлер командалары 5-ші турда жарыс жолына шығады, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар қатысады. Супер лигада 23 жастан жоғары гандболшылар ойнайды. Яғни, «Алматы», «Астана», «Кайсар», «Шымкент»  әйелдер командалары  өнер көрсетеді. Сонымен қатар, жоғары және супер лиганың ерлер командалары өзара мықтыны анықтайтын болады.

Жарыстың  басты мақсаты – қала тұрғындары арасында гандболды елге таныту, оны дамытып, наисхаттау, сонымен қатар, спортшылардың шеберліктерін арттырып, үздіктерін анықтау.