Алматыда гандболдан XXVI Қазақстан чемпионаты басталды

26.05.2018, Оқылғаны: 298

Бүгін «Достық» спорт кешенінде гандболдан әйелдер мен ерлер арасында XXVI Қазақстан чемпионатының алғашқы кездесулері өтті.  Супер лиганың әйелдер командалары Play-off-та өзара мықтыны анықтайды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар бәстеседі. Супер лигада 23 жастан жоғары гандболшылар ойнайды. Яғни, «Алматы», «Астана», «Кайсар», «Шымкент» әйелдер командалары өнер көрсетеді.

Бүгін алаң қожайындары астаналық гандболшылармен бақ сынасты. Көрермендер қызықты да тартысты ойынның куәгері болды. Осы ойынның бірінші кезеңінде алмалықтар бір ұпай айырмасымен қарсыластарынан басым түсті, есеп 15:14. Матчтың екінші жартысында да спортшылар тең түскенімен, ойынның соңына қарай Алматы құрамасы бір ұпайды жіберіп алып, 27:28 есебімен жеңіліп қалды.

- Біз барымызды салып, тырыстық, дегенмен, бұл спорт. Мұндай жағдайлар да болып тұрады. Әрине, бір ғана ұпаймен жеңілген өкінішті-ақ. Бірақ осы командамен ертең де ойнаймыз, есемізді қайтаруға әлі де мүмкіндік бар. Қателіктерімізді алдын алу үшін жұмыс жасаймыз. Қыздар тапсырмаларды дұрыс орындаса, жеңеміз деген ойдамыз, - деп бөлісті «Алматы» гандбол клубының бас бапкері Арсен Бердіқұлов.

Жарыстың басты мақсаты – қала тұрғындары арасында гандболды елге таныту, оны дамытып, наисхаттау, сонымен қатар, спортшылардың шеберліктерін арттырып, үздіктерін анықтау.

Ертең алматылық гандболшылар Астана құрамасымен финалға жолдаманы сарапқа салатын болады. 

Айта кетер жайт, чемпионаттың 5-ші турының нәтижелері бойынша Алматы құрамасы екінші орында, ал қызылордалық "Қайсар" көш бастап келеді. Турнир кестесінің үшінші және төртінші орындарына Астана мен Шымкент командалары жайғасты. Шешуші соңғы кезең плей-оффтың жеңімпазы ел чемпионы атанады. Еске сала кетсек, бұл кезең маусымның 1-і күні аяқталады.