Алматыда бәйге маусымының ат жарыстары жалғасуда

31.05.2018, Оқылғаны: 629
Маусымның 3-і күні, Алматылық ипподромда 2018 жылғы бәйге маусымының үшінші ат жарысы өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары қызықты да тартысты бәйгенің куәгері атануға мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.
 
Осы маусымда Алматылық ипподромда 14 бәйге ұйымдастырып, 300 тұқымдық атты сынау жоспарлануда.
 
Бұл мерекелік шара күні көрермендер ат жарыстарымен қатар, түрлі аттың жүйріктігін анықтайтын көрсетілімдер, кәсіпқой шабандоздардың өнерін тамашалай алады. Сонымен қатар, құлан тұқымдас аласа жылқы (пони) бәйгесі және иттер жүгірісі қонақтарды бейжай қалдырмас.
 
 Маусымның 3-і күні өтетін жарыс бағдарламасы:
  • «Балаларды қорғау күніне арналған» жүлде, 2 жасар аттар, 1200 м
  • «Эколог күніне арналған» жүлде, 4-х жасар және жоғары аттар, 1600 м
  • 3 жасар аттардың бәйгесі, 1600 м
  • Қазақстанда туылған 2 жасар аттардың жарысы, 1200 м
  • «ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арналған» жүлде, Қазақстанда туылған 3 жасар аттар жарысы, 1600 м
  • «Большой Летний» жүлдесі, араб тұқымды 3 жасар аттар бәйгесі, 1600 м
  • «Большой Летний» жүлдесі, 3 жасар ақалтеке аттардың жарысы, 1600 м
 
Өткізілу мерзімі: 3 маусым
Басталуы: сағат 12:00
Кіру: тегін