Almaty Street Fitness тегін таңғы жаттығулары өтті

02.06.2018, Оқылғаны: 230
Алматыда кезекті Almaty Street Fitness тегін таңғы жаттығулары өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Кәсіпқой «Fitness blitz» нұсқаушылары Денис пен Никита өздерінің шеберліктерімен ҚР Тұңғыш Президенті саябағына жиналған 15-тен астам келушілерге бөлісті.  
 
Барлық әуесқойлар үшін мамандар арнайы бағдарламалар дайындап, барлық дене мүшелеріне арналған «Full body» кешенді жаттығуларды көрсетті. Осылайша олар қазақстандықтардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, оларды салауатты өмір салтына бейімдеу мақсатында басталған «Сенің жаңа қырың» челленджіне қолдау көрсетті.
 
- Бұл жерде біз денеміздің жоғарғы және төменгі бітімдерін қамтыдық. Ол жүрелеп отыру, шекілдекте жылдам жүгіру, джампинг джек және жартылай секіру. Осы төрт түрлі жаттығумен біз барлық денені қамтыдық. Ол жаттығуларды кез келген жастағы адамдар кез келген жерде орындай алады, - деп нұсқаушы Денис Журов өз ойымен бөлісті.
 
Айта кету керек, бұл Almaty Street Fitness таңғы жаттығулары «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында әр демалыс сайын «Fitness blitz» нұсқаушыларымен өткізіліп тұрады. Оның басты мақсаты қала тұрғындарын салауатты өмір салтына бейімдеу болып табылады.