Алматыда Қазақстанның мемлекеттік рәміздер күніне арналған бұқаралық велошеру өтті

03.06.2018, Оқылғаны: 161
Бүгін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту жобасы аясында дәстүрге айналған жексенбілік велошеру өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
300-ге жуық әуесқой әдеттегідей «Нұрлы Тау» бизнес орталығында бас қосты.  Бұл жолы олар 8 шақырым қашықтықты бағындырды. Велошеру «Астана» алаңының маңында аяқталды.
 
Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды, ал бағы жанған қатысушы басты сыйлық, велосипедтің иесі атанды. Бүгін Руслан Лейповойдың жолы боып, ол велосипедті жеңіп алды.
 
- Мен осы жылдан бері қатысып келемін. Бесінші велошеруім. Ұтысымды әйеліме сыйлаймын. Шынымды айтсам, бұл күтпеген тосын сый, мен жеңемін деген ой да болған жоқ. Қуанышымды айтып жеткізу мүмкін емес. Ұйымдастырушыларға деген алғысым шексіз. Енді әйеліміз екеуіміз велошерулерге қатысатын боламыз, - деп әсерлерімен бөлісті Руслан Лейповой.
 
Бұл мерекелік велошеру «KFC Battle» халықаралық ауқымды шарамен аяқталды. Жобаның басты бағыттарының бірі спорт болып табылады. Фестиваль аясында 15-25 жас аралығындағы қыздар мен ұлдар стритбол, воркаут және тағы да басқа спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтайды.
 
Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің алтыншысы болып табылады.