Алматыда түнгі конькимен жаппай сырғанаулар  өтіп жатыр

08.06.2018, Оқылғаны: 193
Сәуірдің 24-і бастап, «Димаш» мұз айдыныда (Центральная, 8г көш-сі) түнгі конькимен сырғанаулар ұйымдастырылып келеді. Барлық қалаушылар өз конькилерімен келіп, тегін сырғанай алады. Мұндай науқан 30 қазанға дейін жалғасатын болады, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конькилерді жалға алу бағасы да өте тиімді, конькиді бір сағатқа жалға алу 800 теңге. Сондай-ақ, олар келушілердің саны демалыс күндері басталғалы бері, күн санап артып келетінін де атап өтті.

- Біз мұнда бірінші рет келіп отырмыз. Осы мұз айдын туралы достарымыздан естідік. Басқа мұз алаңдарымен салыстырғанда, бұл жерде мұздың сапасы өте жақсы. Әдетте, кіру тегін дегенде, сенбейтін едік, бірақ, барлығы рас екен. Түнде достарымызбен коньки тебуге келдік. Конькиді жалға алып келсең де, бағасы өте тиімді екен. Түнде болғаны керемет, музыка жақсы, көңіл-күй де көтеріңкі, - деп бөлісті мұз айдын келушілері  Алина мен Олег.

«Димаш» мұз айдынында түнгі жаппай сырғанаулар күн сайын 00.00-ден таңғы 05.00-ке дейін өткізіледі. Барлығының коньки теуіп, уақытты достарымен бірге өткізуге керемет мүмкіндіктері бар.

Айта кетер жайт, аталған мұз айдын 15 күнге, 1 шілде мен 16 шілде аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады. Кішігірім үзілістен кейін түнгі жаппай сырғанаулар қайта іске қосылып, 30 қазанға дейін жалғасады.