Алматыда мемлекет қызметшілері өз мейрамдарын отбасылық спартакиадамен атап өтті

09.06.2018, Оқылғаны: 289
Алматыда мемлекеттік қызметке 20 жыл толуына байланысты мемлекет қызметшілері арасында «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» атты спартакиада өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.  
 
Бұл жарыс «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында балалар мен жастар, сонымен қатар отбасылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүзеге асырылды.  
 
Қатысушылар толық құрамда (3-4 адам) жеңіл атлетика (эстафета) мен арқан тартудан күш сынасты, ал, балалар дуатлон мен баскетбол доптарымен эстафетада өзара мықтыны анықтаса, әкелер турникке тартылып, аналар секіргіштен өз бақтарын сынады.  
 
Қызық пен қуанышқа толы болған ойындардың нәтижесінде осы кезеңдерде көзге түскен Даурен Шапыков, Біржан Сыдықбеков және Надир Бигтеев отбасылары команалық есепте жүлделі орындарды өзара бөліп алды.  
 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар, медалдар, кубоктар және сыйлықтармен марапатталды, сонымен қатар, барлық қатысушыларға дипломдар және тәттілер таратылды.  
 
- Шынымды айтсам мен бірінші қатысып отырмын. Өте қызық. Бырлығы да керемет болды. Мемлекет қызметшілері арасында спортты қолдап белсенділік танытып жүрген азаматтарға ризамын. Өте керемет әсердемін, бұл барлығына үлгі боларлықтай іс-шара болды деп ойлаймын, - деп өз әсерімен қатысушылардың бірі Біржан Сыдықбеков бөлісті.  
 
Айта кету керек, бұл спартакиада Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің стадионында алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға арналған «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өткізілді.