Алматы қаласының көкпаршылары Қазақстан чемпионатына дайындалуда

12.06.2018, Оқылғаны: 266
Маусымның 29-і мен шілденің 6-сі күні елордамыз Астанада көкпардан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Қазір соған орай Алматы қаласында жаңадан құрылған көкпар командасы алғашқы рет қатысатын чемпионатқа қызу дайындық үстінде.
 
-Алғашқы рет Алматының атынан шығамыз. Күніне екі уақыт дайындалудамыз. Барлығы жақсы, бірінші орын аламыз деген үміттеміз. Әрине, оңай болмайды, себебі қарсыластарымыз осал емес, - деп өз ойымен Алматы ойыншысы Омархан Есімхан бөлісті.
 
Айта кету керек, қазір жаңа құрамда жас спортшылармен қатар көптеген жарыстардың жеңімпаздары өнер көрсетеді.