Алматыда мемлекеттік қызметкерлер арасында Спартакиада өтеді

13.06.2018, Оқылғаны: 160
Маусымның 16-ы мен 17-і  күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында алып шаһарда мемлекеттік қызметкерлер арасында Спартакиада өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 

Жарыс шахмат, футбол, волейбол, жеңіл атлетика (эстафета 4х100), үстел теннис, қол күресі, гір көтеру және арқан тарту спорт түрлерінен өткізіледі.
 
Спартакиаданың бірінші күні  РСК-те  футболдың  бастапқы ойындары  (ерлер), ал, ҚазСТА волейболдан (аралас команда) өтеді. Басталуы 09:00-де.

Екінші күні, осы спорт кешендерінде футбол мен волейболдан финалдық кездесулер өтсе, басқа спорт түрлері РСК-те ұйымдастырылады. Жарыстың  салтанатты ашылуы сағат 10:00-де, ал жарыс 09:00-де басталады.
 
Жарысқа Алматының мемлекеттік және әкімшілік қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау органдары қатыса алады.
 
Жеңiмпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдармен және кубоктармен марапатталады
 
Айта кетер жайт, жарыстың  басты мақсаты мемлекеттік қызметкерлерді салауатты өмір салтына бейімдеп, үздік ұжымдарды анықтау болып табылады.