1000-нан астам мемлекеттік қызметкерлер спартакиадаға қатысты

17.06.2018, Оқылғаны: 426
Еліміздің оңтүстік астанасында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында үшінші жыл қатарынан мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Шахмат, футбол, волейбол, жеңіл атлетика (эстафета 4х100), үстел теннисі, қол күресі, гір көтеру және арқан тарту спорт түрлерінен өткізілген жарыстарға 1100-ден астам адам қатысты. Жалпы саны 45 команда өзара мықтыны анықтады.
 
Спартакиада екі күнге жалғасып РСК және ҚазСТА-да өткізілді. Бірінші күні  футболшылар мен волейболшылар бастапқы ойындарын өткізіп, екінші күні финалда өзге спорт қатысушыларымен бірге өнерлерін көрсетті.
 
Барлық жарысқа қатысушылар өте қызықты әрі тартысты ойындардын куәсі болып, уақыттарын көңілді өткізді. Спартакиаданың нәтижесінде құқық қорғау органдарының арасында жалпы командалық есепте Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті бірінші орынды ұтып алды. Ал, екінші және үшінші орынға ішкі істер департаменті мен көмек қызметі жайғасты.
 
Мемлекеттік және әкімшілік қызметкерлері арасында көптеген алтын медальдарды ұтқан Алматының мемлекеттік кіріспе басқармасы болса, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен Наурызбай ауданының әкімдігі күміс пен қолаға қол жеткізді. Жеңiмпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдар, сыйлықтар және кубоктармен марапатталады.  
 
- Біз осымен үшінші жыл қатарынан осы спарткиаданы ұтып отырмыз.  Өте ризамыз. Өзіміз үнемі осындай жарыстарға жақсы дайындықпен келеміз. Бүгінгі Спартакиада жақсы деңгейде өтті, ұйымдастырушыларға мың алғыс. Осындай жарыстар жиі болып тұрса керемет болар еді, - деп Алматы қаласы Бостандық ауданының мемлекеттік кіріспе басқармасы басшысының орынбасары Берік Қайыпов өз ойымен бөлісті.

Айта кетер жайт, жарыстың  басты мақсаты мемлекеттік қызметкерлерді салауатты өмір салтына бейімдеп, үздік ұжымдарды анықтау болып табылды. Спартакиада мемлекеттік қызметтің 20 жылдығына арналды.