Алматыда өрт сөндірушілер мен құтқарушылар арасында халықаралық турнир басталды

28.06.2018, Оқылғаны: 208
«Динамо» стадионында ҚР ІІМ ТЖК «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» Қоғамдық бірлестігі кубогына арналған халықаралық турнирдің бірінші күні өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Бұл жарыс «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында спорт федерациясының 10 жылдығы және Қазақстандағы өрттен құтқару спортының ашылуына 60 жылдығына арналады. Жарыс маусымның 30-ы дейін жалғасып, күнделікті 09:00-дан 18:00-ге дейін өтеді.  
 
Жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, барлығын құттықтау үшін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев, халықаралық өрт сөндіру және құтқару спорт федерациясының орындаушы комитетінің директоры Андрей Калинин, ҚР ІІМ ТЖК төрағасының бірінші орынбасары Сәбит Битаев арнайы келді.  
 
- Бұл спорт өрт сөндіруші мен құтқарушылардын өмірінен алынған. Өрт сөндіру және құтқару спорты – ол горизонталь және вертикаль бойынша жүгіретін жалғыз спорт түрі. Бұл спортта жеңіл атлетшінің жылдамдығы, зілтеміршінің күші және гимнасттың ептілік қасиеттері бар, - деді өз сөзінде Андрей Калинин.  
 
Жарыстың салтанатты ашылуы биші, әншілердің өнерлмерімен және шоу бағдарламамен жалғасты.  
 
Турнирдің бағадарламасына сатымен көтерілу, 100-метрлік кедергілер алабын өту, өрт сөндіретін эстафета 4х100 метр, әскери өрістету кіреді.   Оған тек арнайы шақырту алған Халықаралық өрт сөндіру және құтқару федерациясының мүшелері, спорттық ұлттық құрамалар қатысуға мүмкіндік алды. Олардың қатарында еліміздің 10 өнірі және Белорусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Түркия, Моңғолия мемлекеттері бар.
 
Жарыстың бірінші күннің нәтижесіне келетін болсақ, сатымен көтерілуден диплом, медаль, сыйлықтармен әйелдер арасында Елена Прищепова, Виктория Осипова (екеуіде Белорусь) және қазақстандық Анастасия Астафьева марапатталды.    
 
Ал, ерлер арасында жүлделі орындарға Артем Прибыш (Белоруссия), Николай Буторин (Қазақстан), Никита Черепко (Белоруссия) ие болды.  
 
- Барлығы да ойдағыдай болды. Жарыс өз жерімізде болған соң жауапкершілік үлкен. Тек өзінің ең жақсы нәтиженді көрсету керексің. Менің бүгін жолым болды. Қарсыластарым мықты. Әлі біраз жүмыс жасау керек. Алда әлі спорттың басқа түрлерінен жарыстар болады. Тек жақсы нәтиже күтемін, - деп астаналық қолданбалы-өрт сөндіру спортының күміс жүлдегері Николай Буторин өз ойымен бөлісті.    
 
Айта кету керек, барлық қатысушылар өздерінің жеңіске деген жігерлерліктерін танытып, өте керемет өнер көрсетті. Жарыстың басты мақсаты өрт сөндіру спортын жастар арасында дамытып, олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.