Қазақстан өрт сөндірушілері мен құтқарушылары халықаралық турнирде екінші орын алды

30.06.2018, Оқылғаны: 286
Алматыда ҚР ІІМ ТЖК «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» Қоғамдық бірлестігі кубогына арналған халықаралық турнир аяқталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Бұл жарыс «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өткізіліп спорт федерациясының 10 жылдығы және Қазақстандағы өрттен құтқару спортының ашылуына 60 жылдығына арналды. 
 
Оған еліміздің 10 өнірі және Белорусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Моңғолия мемлекеттері қатысты. 
 
Турнирдің бағадарламасына құтқару сатысымен көтерілу, 100-метрлік кедергілер алабын өту, өрт сөндіру эстафетасы 4х100 метр, әскери өрістету кірді.   
 
Тартысқа толы жарыстардын нәтижесінде жалпы командалық есепте ұлдар мен қыздар арасында бірінші орынға Беларусь Республикасының спортшылары, ал, екінші орынға Қазақстан құрамасы ие болды. Өзбекстанның жігіттері мен Қазақстанның екінші құрамасындағы қыздар қола жүлдегер атанды.
 
-Бұл біз үшін қыркүйек айында Бистрецте өтетін әлем чемпионатының алдындағы жарыс болды. Нәтижемізге өте ризамыз. қарсыластарымыз да жаман емес. Енді біз сол әлем додасын тағы бір мәрте жеңсек дейміз, - деп Беларусь Республикасының қыздар құрамасы мүшесі Наталья Казанцева өз ойымен бөлісті. 
 
Сонымен қатар, төрт күнге созылған бұл турнирде барлық аталған спорт бойынша еліміздің рекорды жаңарды. Қазақстандық Николай Буторин мен Анастасия Потоцкая белсенді өнер көрсетіп, ерекше аталды.
 
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль, грамота және сыйлықтармен марапатталды. 
 
Айта кету керек, жарыс «Динамо» стадионында өткен болатын. Оның басты мақсаты өрт сөндіру спортын жастар арасында дамытып, олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылды.