Алматы қаласында мешітке келуші жамағаттары арасында қазақ күресінен турнир өтеді

05.07.2018, Оқылғаны: 165
Шілденің 14-і күні  алып шаһарда мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде «Асыл мұра» бағдарламасы аясында мешітке келуші жамағаттар арасында қазақ күресінен турнир өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Жарыс Астана қаласының 20-жылдығына арналады. Боз кілем бәсекесі 75 дейін және 75 жоғары салмақ дәрежелерінде өтеді.
 
Қатысу тегін. Кез келген қатысушы Алматы мешіттерінің жамағаты болуы тиіс.

Турнирдін регламенті бойынша тәжірибелі спортшылар жарысқа жіберілмейді.  
 
Тіркелу  шілденің 13-і дейін келесі нөмірлер бойынша жүргізіледі: 
8-747-304-67-97- Досжан
8-707-822-54-96 - Болат
 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және ақшалай сыйлықтарға ие болады. Бірінші орын үшін 250 мың теңге, екінші орынға 125 мың теңге, үшінші орын үшін 50-50 мың теңгеден бөлінеді.
 
Өткізілетін орын: Ақсай-1 ықшам ауданы, 10 үй, МЖСШМ
Басталуы:сағат 10:00-де.