Алматыда Астана күніне арналған велошеру өтті

08.07.2018, Оқылғаны: 39
Бүгін алып шаһарда Астананың 20-жылдығына арналған велошеру өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өткен бұл мерекелік велошеруге 400 жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Жиналған спорт сүйер қауымды ұйымдастырушылар бағалы сыйлықтармен қуантты. Астана күніне орай барлық қатысушыларға Hawaii және Miami аквапарктеріне сертификаттар мен Funky Town & World ойын-сауық ораталықтарына арнайы купондар ұсынылды.

Сонымен қатар, мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық – 4 велосипед және электросамокат.

- Былтырғы жылдан бері жексенбілік велошерулерге үнемі қатысамын. Спортпен кәсіби түрде шұғылданбасам да, салауатты өмір салтын ұстануға тырысамын. Бұл жақсы көңіл-күй мен мықты денсаулықтың кепілі. Бүгінгі велосипед бірінші ұтысым, өте қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз! Мереке күні барша қазақстандықтарға тілерім – ашық аспан, Астанамыз көркейе берсін, әрбір отбасыға береке мен бақыт тілеймін! – деп, өз қуанышымен басты сыйлықтың бүгінгі иегері  Екатерине Алексеевна бөлісті.

Сондай-ақ, велошеру «Challenge. Сенің  жаңа қырың!» жобасы аясында  финалдық бұқаралық жаттығуымен жалғасты. Жобаның қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

- Біздің команда «Challenge. Сенің  жаңа қырың!»  жобасын қолдады және «Ең спорттық команда» номинациясын жеңіп алдық. 21 күн  бойы біз өз жаттығуларымызбен әлеуметтік желілерде бөлісіп, басқа адамдары ынталандыруға, спортқа баулуға тырыстық және кері байланыс та алдық, бізге қоңырау шалушылар мен ризашылығын білдірген жұртшылық көп болды. Бұл өте қуантарлық жағдай. Күн сайын спортпен шұғылданыңыз! Салауатты өмір салтын ұстаңыздар! – деп, тілегін «Спорт Без Границ» тобының мүшесі  Данияр Базарбек білдірді, бұл қозғалыстың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты қолдау және оларды спортқа баулу.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, «Challenge. Сенің  жаңа қырың!» жобасына шамамен 10 мың адам қатысып, нәтижесінде 16 жеңімпаз анықталған болатын.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің тоғызыншысы болып саналады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.