Алматылықтар «Нұрсұлтан» шыңын бағдындырды

08.07.2018, Оқылғаны: 227
«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдығына орай дәстүрлі 2А категориялық қиындықта «Нұрсұлтан шыңы» альпиниадасы өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 

4000-нан астам 12 жастан асқан кез келген қатысушылар 4376 метр биіктікті бағындыруға ниет білдіргенімен, тек 200-ден астамы ғана шыңға шықты. Қатысушылардын арасында өзге мемлекет қонақтары, сондай-ақ Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Әбіл Дөңбаев да болды.
 
Альпианиада басталған сон артынша «Шымбұлақ» таушаңғы курортында скайраннинг спортынан бірнеше жас айырмашылық бойынша Қазақстан чемпионаты өткізілді. 100-ден астам спортшы өз бақтарын сынап көруге тырысты. Солардын бірі, жүлделі орын алған Рауан Абулханов өз ойымен бөлісті.  
 
- Дайындық тауда емес, қалада өтті. Өзім осы жарысқа жиі қатысамын. Маған жүгірген өте ұнайды. Бүгін өз жасым бойынша бірінші, ал, «абсолютте» үшінші орын алдым. Уақытым 1 сағат 53 минут, - деді әскери институтынын сержанты Рауан Абулханов. 
 
Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздар медалдар мен, ал, альпиниада қатысушылары сертификатпен марапатталды.  
 
Бұл іс-шараның ашылу салтанатында еліміздің белгілі альпинисті Мақсұт Жұмаев қонақтарды Астана күнімен құттықтап, альпинизммен айналысуға кеңес берді. Артынша бұл мереке әншілердін өнерлерімен жалғасты.
 
Айта кетер жайт, Альпиниада «Шымбұлақ – Нұрсұлтан шыңы» салауатты өмір салтын ұстанып, жастар арасында спортты дамыту мақсатында жыл сайын өткізіледі.