Аула лигасы Алматыда өтетін студенттер арасындағы футзалдан Әлем чемпионатына арналады

12.07.2018, Оқылғаны: 445
Шілденің 15-і күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан қыздар және ұлдар аула командалары арасындағы  лига өтеді. Теңбіл доп додасы алып шаһарда тамыздың 19-ы мен 26-ы күндері өтетін студенттер арасындағы  Әлем чемпионатына арналады,  деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. 

Жарыс  «Мaxi чай» өндіретін Galanz bottlers компаниясының қолдауымен  Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ стадионында (Әл-Фараби даңғылы, 71/20) жасы 8-ден асқан кез келген ұлдар мен қыздар арасында ақысыз түрде олимпиадалық жүйе бойынша өтеді.

Қыздар арасында ойындар сағат 08:00-де басталады.
 
Ұлдар арасында бірінші «А» лигасына – 8-ден 14 жасқа дейінгі, ал, екінші «Б» лигасына – 15-тен жоғары жастар қатыса алады. Регламентке сәйкес әр командада 8 ойыншы болуы керек.

Жарыс бағдарламасы: «А» лигасы – 08:00-де басталады, ал тіркелу 07:30-да, «Б» лигасы– 13:00-де, тіркелу 12:30-да өтеді. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медал, сыйлықтарға ие болады, сонымен қатар, аула лигасының серіктесінен «Мaxi чай» сусындары таратылады.  

Аула лигасының басты мақсаты қала жастарының спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, осы спортты дамыту болып табылады.

Қосымша  ақпарат WhatsApp  бойынша:
8 (777) 250 63 63 – Влад  Кузнецов 
8 (777) 303 23 83 – Ерлан  Сартаев