Алматыда ұлттық спорт түрлерінен шеберлік сабақтары жалғасуда

09.07.2018, Оқылғаны: 15
Алматы қаласында "Спорт менің ауламда" атты қалалық әлеуметтік бағдарлама аясында ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту жұмыстары жалғасуда.

Бекітілген күнтізбеге сәйкес "Халықтық-ұлттық спорт түрлері және бұқаралық денешынықтыру-сауықтыру клубының" ұйымдастыруымен 2018 жылдың шілде айының 4 - 7 жұлдыздары аралығында "Спорт менің ауламда" бағдарламасының қатысушылары арасында ұлттық спорт түрлері: асық ату, бестас, тоғызқұмалақ, тымақ ұру және бұқа тартыстан шеберлік сыныптар және сайыстар өткізілді. Сайыстарға қатысушылармен және жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және жүлделермен марапатталды.