Алматыда бірінші түнгі велошеру өтеді

12.07.2018, Оқылғаны: 54
Шілденің 14-і  күні алып шаһарда  осы жылғы бірінші түнгі велошеру өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.  
 
«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтетін велошерудің  қашықтығы 7 шақырымды  құрайды. Кез келген қала қонақтары мен тұрғындары «Нұрлы Тау» бизнес орталығына кешкі 20:00-де жиналып,  спорттық шара 20:30-да бастайды.  
 
Әуесқойлар Әл-Фараби даңғылымен көтеріліп,  Тұңғыш Президенті саябағында  мәреге жетеді. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық – велосипед.
 
Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.
 
Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің оныншысы болып саналады.