Almaty Street Fitness тегін жаттығулары жалғасуда

12.07.2018, Оқылғаны: 120
«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында кезекті Almaty Street  Fitness тегін жаттығулары өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Кәсіпқой «Fitness blitz» нұсқаушылары өздерінің шеберліктерімен Тұңғыш Президенті саябағында шілденің 14-і  күні таңертен сағат 08:00-де бөлісетін болады.
 
Сонымен қатар, дәл осы уақытта М. Горький атындағы орталық демалыс және мәдени саябағында Fitness Empire Gym бапкерлері  жаттығу өткізеді.
 
Бұл шараға кез келген жастағы қатысушылар қатыса алады.
 
Айта кетер жайт, бұл Almaty Street Fitness таңғы жаттығулары «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында әр демалыс сайын өткізіліп тұрады. Оның басты мақсаты қала тұрғындарын салауатты өмір салтына бейімдеу болып табылады.