Алматының мешітке келуші жамағаттары қазақ күресінен өткен турнирде 1 миллион теңгені сарапқа салды

14.07.2018, Оқылғаны: 428
Алматыда, мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде «Асыл мұра» бағдарламасы аясында мешітке келуші жамағаттар арасында қазақ күресінен турнир өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.  
 
Жарыс 40 адамның қатысуымен Астана қаласының 20-жылдығына арналып, екі салмақ дәрежесі бойынша өткізілді - 75 кг дейін және 75 кг жоғары.  
 
Турнир ережесіне сәйкес кез келген қатысушы Алматы мешітінің жамағаты болғанымен, олар өздерінің күш жіргерліктерін байқата білді. Тартысты әрі қызыққа толы күреске жиналған жанкүйерлердін де қарасы аз болмады. Ал, ортада төрешілік еткен «qazaq kuresi» спорт клубының 10 адамы болды.  
 
Нәтижесінде 75 кг салмаққа дейінгі келушілердің арасында Батырбек Жайсанбаев (Таугүл мешіті) жеңімпаз атанды. Ол Ақсайлық Ердос Сихаевты ұтты. Үшінші орынға Бақдаулет Динбаев (Ай Абылай) пен Таңірберген Күзембай (Әскер Ата) жайғасты.  
 
75 кг-ден кейінгі салмақ қатысушылары арасында Серік Карапасбаев (Ақсай) чемпион атанса, Дархан Сеитов (Фәтима), Хасен Ермекбаев (Әскер Ата) және Ғалымжан Ибрагим (Ибраһим) жүлделі орындарға ие болды.  
 
- Жарыс өте жақсы болды. Бәр әділ өтті. Қарсыластарымыз қиын болды, бірақ мен тырыстым. Өзім жиі спорт кешендерде дайындалып, футбол ойнап тұрамын. Күреспен 9-ші сыныпқа дейін айналысқам. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін, - деп өз ойымен +75 кг жеңімпазы Серік Карапасбаев (Аксай) бөлісті.  
 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль, сылықтар және ақшалай сыйлықтарға ие болады. Бірінші орын үшін – 250 мың теңге, екінші орынға 125 мың теңге, үшінші орын үшін 50-50 мың теңгеден бөлінді.  
 
Айта кету керек, «Асыл мұра» бағдарламасы Алматы қаласы мешіттеріне келуші жамағаттары арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Әр сенбі мен жексенбі сайын осы бағдарлама аясында қаланың футбол алаңдарында осы спорттан жарыстар ұйымдастырылады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 миллион теңге.