Алматыда баскетболдан «Summer Jam» турнирі өтті

22.07.2018, Оқылғаны: 339
Almaty Arena спорт кешенінде әуесқойлар арасында 3х3 баскетболдан «Summer Jam» атты Қазақстандағы ең ірі турнирлердің бірі өтті.  Ол биыл өзінің 10-жылдық мерейтойын тойлады, деп ақпараттық-спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Ойындар демалыс күндері 14-15 және 21-22 шілдеде 220 әйелдер, ерлер, балалар мен жасөспірімдер арасында (7 жастан жоғары) 880 ойыншының қатысуымен өткізілді. Олардың арасында еліміздің әр аймақтары, сондай-ақ Ресей және Қырғызстаннан келгендер де болды.
 
Турнир бірнеше санат  бойынша кез келген әуесқойлар мен бұрынғы кәсіпқой ойыншылар арасында ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде келесі командалар жүлдегер атанды:
 
  • -  «Open» (әуесқойлар) санатындағы  ерлер арасында: 1 орын: Бұрындай, 2 орын: One Shot.
  • -  «Корпоративная» санатындағы : 1 орын: MTrading, 2 орын: KCell.
  • -  «35+» санатындағы:  1 орын: XO, 2 орын: Deduli.
  • -  «Elite» (кәсіпқойлар)  санатындағы қыздар арасында: 1 орын: KazAST, 2 орын: Almaty2017.
  • -  «Elite» санатындағы  ерлер арасында: 1 орын: Inanomo, 2 орын: Жигалма
 
Сонымен қатар, турнирдің  үздік ойыншылар ерлер арасында Бергман Денис (Inanomo)  үздік болса, әйелдер арасында  Марта (KazAST)  атанды.
 
- Бұл спортқа деген қызығушылық жылдан жылға артуда. Біз биыл рекорд жаңартып, 200-ден астам команда жинадық. Қазақстанда осындай дәрежедегі турнирде әлі ешкім жинамаған. Бұл біз үшін керемет жаңалық, - деді ұйымдастырушылардың бірі.
Оның айтуынша барлық баскетбол сүйер қауым әр жылдың  жазында осы жарысты тағатсыздана күтеді.
 
Айта кетер  жайт, биыл алғашқы рет ерлер арасындағы «Elite» санатындағы  жеңімпазына  қыркүйек айында Қытайда өтетін арнайы FIBA 3x3 Challenger жарысына жолдама берілді.