"Спорт менің ауламда" әлеуметтік бағдарламасы аясында ұлттық спорт түрлерін насихаттау жұмыстары жалғасуда

07.08.2018, Оқылғаны: 672
Алматы қаласында "Спорт менің ауламда" әлеуметтік бағдарламасы аясында ұлттық спорт түрлерін балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау және дамыту жұмыстары жалғасуда. Тамыз айының 1 - 4 аралығында Алматы қаласының Жетісу ауданында ұлттық спорт ойындары тоғызқұмалақ, асық ату, бестас, тымақ ұру, бұқа тартыстан сайыстар өткізіліп және үрлемелі аттракциондарды қолдану арқылы жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, "Спорт менің ауламда" бағдарламасының кестесіне сәйкес Наурызбай ауданында осы аталған ұлттық спорт түрлерінен шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.