Алматыда ұлттық спорт ойындары балалар арасында кең насихатталуда

20.08.2018, Оқылғаны: 297
Бүгінгі таңдағы аса маңызды мәселелердің бірі - балалар мен жасөспірімдерді жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Сондықтан, тұрғылықты мекен жайларда бұқаралық спортты дамыту, әр аулада дене шынықтыру жұмыстарын жүргізу өте маңызды.

Осы орайда Алматы қаласының "Спорт менің ауламда" атты әлеуметтік бағдарламасының атқарып отырған жұмыстары ауқымды, әрі  бүгінгі уақытта өте қажетті. Осы бағдарлама аясында "Халықтық-ұлттық спорт түрлері және бұқаралық дене шынықтыру клубы" бұқаралық спорт түрлерімен қатар ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту жұмыстарын жүргізіп келеді. Тамыз айының 15 - 18 жұлдыздары аралығында ұлттық спорт ойындары асық ату, бестас, тоғызқұмалақ, тымақ ұру, бұқа тартыс, қазақ күресінен кезекті шеберлік сыныптар мен сайыстар өткізілді.