Қазақстанның футзалдан әйелдер құрамасы «Спорт менің ауламда» жобасының қатысушыларына  шеберлік сабағын  өткізді

03.09.2018, Оқылғаны: 459
Жақында Алматыда футзалдан студенттер арасында өткен әлем чемпионаты қатысушылары Алмалы ауданында орналасқан футбол алаңында «Спорт менің ауламда» бағдарламасының  қатысушыларына шеберлік сабағын өткізді, деп ақпараттық-спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Спорттық шара  барысында ұлттық құраманың мүшелері жеткіншектермен  жаттығу жасап, пенальти тепті, артынша футзалшы қыздар фристайл көрсетіп, балаларға қарсы футбол ойнады. Бұл шеберлік сабаққа Бостандық және Алмалы аудандарынан келген 90 бала қатысты.
 

Маған барлығы ұнады. Тәжірибелі футболшыларға қарсы ойнаған өте қызық. Мен өзім футболды жақсы көремін. Үш жастан бастап доп тебемін, қазір жасым алтыда, - дейді ең жас ойыншы Дарын Маханов.

 
Спорттық шараның соңында   Қазақстан құрамасының мүшелері  мен  балалар  естелік суретке түсіп, қолтаңба беруімен аяқталды. Артынша  «Спорт менің ауламда» жобасының ұйымдастырушылары  ойыншыларға арналған медалдарды   табыстады.
 

Бұл өте керемет оқиға. Біз балаларға  спортты насихаттап жүргенімізге ризамыз, сондықтан осы шараға келіп қолдау көрсеттік. Әлем чемпионатында барлық жанкүйерлердің қалай қолдау көрсеткені әлі есмізде. Бізге өте ұнады. Иә, жүлде алмағынымыз, әрине өкінішіті, оның себебі қарсыластарымыздың деңгейі әлдеқайда жоғары болды. Келесі жолы сәті түсер, - деп өз ойын Қазақстан құрамасының  ойыншысы Әлия Садвакасова түйіндеді.

 
Айта кетер жайт, осының алдында да ұлттық құрама ойыншылары басқа ауданда орналасқан жаңа алаңда шеберлік сабағын өткізген болатын.