Алматыда ұлттық спорт түрлерінен шеберлік сабақтар мен жарыстар әр апта сайын өтіп жатыр

06.09.2018, Оқылғаны: 467
Алматыда «Спорт менің ауламда» бағдарламасы аясында әр апта сайын көптеген жарыстар мен ұлттық спорт түрлерінен шеберлік сабақтары өтеді. Олар жайлы толығырақ «Халықтық-ұлттық спорт түрлері және бұқаралық денешынықтыру-сауықтыру» клубының жетекшісі Нұрғиса Нұрғалиев айтып берді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 

- Біздің клуб асық ату, тоғызқұмалақ, бес тас, казақ күресі, қол күрес, гір көтеру спорттарын қамтиды. Оларды біз «Спорт менің ауламда» бағдарламасына жазылған балаларға үйретеміз. Осы спорт түрлері бойынша Алматының әр ауданынан келген әр түрлі жастағы балалар мен жасөспірімдерге жарыстар мен шебрлік сабақтарын өткізіп тұрамыз. Осы жылдың басынан біз 455 шеберлік сабақтары мен 350-ден астам турнирлер өткіздік. Оған 20 мыңдай адам қатысты. Жалпы біздің клубта 330 адам тіркелген. Оның 20-ы көптеген жетістіктері бар бапкерлер мен нұсқаушылар. Осылайша, біз әр апта сайын іс-шаралар ұйымдастырамыз. Шындығына келетін болсақ 10-13 жыл бұрын ұлттық ойындар мен спорттар қала тұрғындары мен қонақтары  арасында бүгінгідей дамымаған болатын. Қазір бәрі басқаша. Жазғы мезгілде біз балалардың назарын аударып, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру үшін үрленетін аттракциондар пайдаландық. Сонын арқасында біз олардың  санын көбейттік. Сондай-ақ, қатысушылардың арасында тоғызқұмалақ пен асық ату ойындары да сұранысқа ие. Тіпті, үлкендердің  өздері де қызығып бір-бірімен жарысып жататын кездер де болады.

 

Жақында, қазан айында Алматыда біз осы жоғары да аталып өткен 6 спорт түрі бойынша фестиваль өткіземіз деген жоспар құрып отырмыз. Оның мақсаты салауатты өмір салтын нәсихаттап, ұлттық спорт түрлерін дамыту. Бұнын барлығы Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтеді. Сондықтан мен қала әкімдігіне өз алғысымды білдіргім келеді, - дейді Нұрғиса Нұрғалиев.