Алматыда Виктор Демьяненконың 60 жылдық мерей тойы өтті

10.09.2018, Оқылғаны: 421
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Виктор Демьяненконың құрдастары, достары және бокс әуесқойлары жиналып, оның туған күнін  мерекелік шарамен атап өтті. Аты аңызға айналған жерлесіміз Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем кубргының  және Еуропа біріншілігінің жеңімпазы Виктор Леонидович Демьяненко биыл 60-жасқа толды, деп ақпараттық-және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Оны осы мерей тойымен құттықтау үшін әр елден көптеген Қазақстан және КСРО жеңімпаздары мен достары келді. Олардың арасында әлемге танымал былғары қолғап шеберлері, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары, сондай-ақ, әр жастағы танымал спортшыларда бар. Барлық жиналған қонақтардың алдында қала әкімдігі және барша спорт жанкүйерлерінің атынан құттықтау сөзін жеткізу үшін Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Рүстем Байсеитов арнайы келді.
 

«Сіздің еліміздегі бокстың дамуына сіңірген еңбегіңізді отандастырмыз қатты бағалайды. Көп жылдар бойы аянбай тер төгіп, біздің республикамыздың  абыройын мақтанышпен қорғап, бүкілодақта еліміздің атын шығардыңыз. Сіздің 1980  жылы Мәскеу Олимпиадасындағы жетістігіңіз қазақстандық және кеңес одағы боксының дамыуына үлкен үлес қосты. Виктор Леонидович өзінің спорттық мансабын аяқтаған соң еліміздің спорты үшін бапкерлік қызметке кірісті. Қазіргі таңда да бокстың дамуына өз үлесін қосып келеді! Сізге және сіздің жақындарыңызға зор денсаулық тілеп, алға қойған жоспарларыңыз орындалсын дегім келеді. Алдағы істеріңізге тек сәттілік тілеймін!», - деді Рүстем Сәлімұлы. 

 
Сондай-ақ, бұл шараға арнайы Алматы облысы әкімі Амандық  Баталовта келді.
 

«Біз Виктор Леонидович екеуіміз көп жылдардан бері дос болып келеміз. Ол кісінің адамгершілігі мол. Сондықтан мен ұлы қазақ елінің баласына әлі күнге дейін қайран қалам! Оның жақсы жақтарын айта бергін келеді», - дейді облыс әкімі.

 
Демьяненконың жеке бапкері Александр Федорович Аникинде осы күні қонақ болып, салтанатты шараның басты қаһармандарының бірі болды. Себебі ол кісінің еңбегі болмаса мүмкін бүкіл әлем – Виктор Демьяненко есімін білмес те еді.
 

«Виктор әрқашанда өз мақсатына ұмтылатын. Спорттағы барлық жетістіктері ол аянбай тер төкеннің нәтижесі. Оның адамгершілгі әрқашанда жоғары бағаланатын, сондықтан мен өз шәкіртіммен мақтанамын!», - деді өз сөзінде Александр Федорович.

 
Кезіндегі ұлттық КСРО-ның капитаны және Виктор Демьяненконың жақын досы Серік Қонақбаев оны қатты құрметтеп, өткен жылдарын қуана еске салды.  
 

«Виктор Демьяненко өзінің туғаннан берілген есімін толықтай ақтап шықты. Виктор – деген ол жеңіс, ал, біздің Виктор – мәңгілік жеңімпаз! Озінің еңбекқорлығының арқасында Демьяненко өмірде көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Спортта ол тек қазіргі жастарға ғана үлгі емес, тіпті сол кездегі біздер – КСРО ұлттық құрамасының мүшелері де соған еліктейтін едік. Виктор Леонидович өзінің сүйікті ісіне адалдығы соншалық, тіпті бізге ол кісіні үнемі үлгі ететін», - деді  Серік Қонақбаев.

 
80-ші жылдардағы КСРО құрамасының тағы бір мүшесі, нокаутер Асылбек Килимов миллиондаған әлем спортының жанкүйерлері мен өзі үшін Демьяненко Олимпиада чемпионы болып саналатыныдығын жеткізіді.
 

«Виктор Леонидовичтан алтын медалді тартып алғанын  барлығы біледі. Басқаларын білмеймін, бірақ мен үшін және бокс сүйер қауым үшін ол өз есімін әлем спортында алтын әріптермен қалдырған Олимпиада чемпионы болып саналады. Виктор Демьяненкомен әрқашанда өзінді емін-еркін ұстап, көңілді жүресін. Ол сенімді дос әрі ұқыпты адам. Мен үшін Виктор Демьяненконы досым әрі ағам деп атаған үлкен бақыт!», - деді КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы.

 
Өзінің есте қалған оқиғаларымен Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, әлем чемпионы, көптеген халықаралық турнирлердің  жеңімпазы Болат Жұмаділовта бөлісті.
 

«Мен үшін және менің құрдастарым үшін,  сол кездегі бокс кумирлары Виктор Демьяненко мен Серік Қонақбаев болды. Серік Керімбекұлыны дарыны мен өрнекті техникалары ерекшелендірсе, Виктор Леонидович еңбекқорлықтың  арқасында нәтиже көрсетті. Маған менің бапкерім Феликс Тихонович Цой әрқашанда үлгі ретінде Виктор Демьяненконы қоятын. Соның арқасында мен жаттығуларда бар күшімді салып, алға үлкен мақсаттар қоятынмын. Виктор Леонидовичты осы 60-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық және барлық жақсылықтарды тілеймін!», - деді Жұмаділов.

 
Осы шараның басты кейіпкері Виктор Демьяненко барлық қазақстандықтарды және көптеген достары мен бокс ардагерлеріне ерекше қолдау көрсеткені үшін өз алғысын білдірді.
 

«Бүгін осындай айтулы іс-шара болғаны үшін өте ризамын. Бұл кездесуге көптеген КСРО жеңімпаздары мен қазргі жастар жиналып отыр. Осындай мереке менің досым, атақты спорт функционері Болат Манкеновтың  арқасында ұйымдастырылып жатыр. Оны әрқашанда ұйымдастырушылық қасиеті ерекшелендіретін. Оған үлкен алғыс білдіргім келеді!», - деді Демьяненко.

 
Айта кетер жайт, бұл шараға сондай-ақ ҚСРО халық әртісі Роза Рымбаева қатысып, өзінің сүйкіті «Жан досым» мен «Надежда» әндерін орындады. 
 
Бұл күні Балуан Шолақта өткен іс-шараға қатысқан боксшылар мен аты аңызға айналған спортшыларының барлығы өз жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күйде болды. Залда болған атмосфера барлық келушілерге ұнап, ескі достары, таныстары бір-бірімен жүздесті.