Баскетбол әлем чемпионаты 2019 квалификация

12.09.2018, Оқылғаны: 631
Алматы – Балуан Шолақ атындағы Спорт Сарайы, 13 қыркүйек, 20:00.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Баскетбол Федерациясы әлемдік деңгейдегі спорттық шараның өткізілуі туралы хабарлайды. Қазақстанда алғаш рет 2019 жылғы баскетбол Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңінің аясында Қазақстан құрамасының Жапония құрамасына қарсы ойыны өтеді.
 
Бірінші раундтың нәтижелері бойынша, Қазақстан құрамасы,  D тобында екінші орынды иелеп, бұл ретте 9 ұпай жинап, Азиялық Квалификацияның екінші кезеңіне өтті. Өз топтарында соңғы орындарды иеленген командалар жарыстан шықты, ал бірінші раундтың төрт командалары әр топта алты командадан екі топты құрайды. Осылайша, В және D топтары F тобын құрайды, және де екінші раундта біздің қарсыластарымыз болып Аустралия, Филиппин және Жапония командалары шығады. Бірінші раунд матчтарының нәтижелері екінші раундта ескеріледі, осыған байланысты біздің құрама Иран және Катар құрамаларымен енді ойнамайды.
 
Қазақстан Республикасының құрамасы

Баскетбол бойынша Қазақстан ерлер құрамасы – Қазақстанды халықаралық баскетбол алаңында танытқан ұлттық баскетбол командасы. Құраманың халықаралық жарыстарға дайындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ұлттық Баскетбол Федерациясының міндеті болып табылады. Команда 1993 жылы құрылды және де ФИБА Азия құрамасына еніп, баскетбол Азия Чемпионатында спорттық шебер көрсету мүмкіндігіне ие болды.
 
Жапония құрамасы

Баскетбол бойынша Жапония ерлер құрамасы – Жапонияны халықаралық баскетбол алаңында танытқан ұлттық баскетбол командасы. Шығыс Азияның ең мықты және атақты құрамаларының бірі. Құраманың халықаралық жарыстарға дайындалуын қамтамасыз ету және басқару Жапондық Баскетбол Қауымдастығымен (JABBA) жүзеге асырылады. Команда 1936 жылы құрылып, ФИБА құрамасына енді.        
                                                  
Азиялық квалификация

Азиялық квалификациялық іріктеуде, бірінші раундта әр топта төрт командадан болып төрт топқа бөлінген, 16 команда қатысады. Өз топтарының аясында командалар бір ойын үйде және бірі қонақта болып екі айналым ойнайды. Бірінші раундтың нәтижелері бойынша, өз топтарында соңғы орындарды иеленген командалар, ойыннан шығады. Қалған 12 команда екінші раундқа өтіп, сонда екі топқа бөлінеді. Екінші раундтың нәтижелері бойынша үздік 7 команда, сонымен қатар Қытай, 2019 жылғы баскетбол Әлем Чемпионатына аттанады.
 
Қазақстан құрамасы                                          Жапония құрамасы
Айткали Руслан Togashi Yuki
Дегтярев Денис Tsuji Naoto
Ягодкин Азим Hiejima Makoto
Куанов Шаим Shinoyama Ryusei
Пан Роберт Ota Atsuya
Бажин Николай Takeuchi Joji
Щербак Вадим Baba Yudai
Мурзагалиев Рустам Rui Hachimura
Саткеев Аймурат Tanaka Daiki
Ергали Рустам Brown Ira
Майдекин Аскар Harimoto Tenketsu
Лапченко Виталий Watanabe Yuta
Жигулин Александр
Быков Антон
Селезнев Данил
Курочкин Владимир
Гаврилов Дмитрий
Марчук Максим
 
Бас бапкер: Ренатас Курилионакас                     Бас бапкер: Lamas Julio
Бапкер көмекшісі: Исаков Евгений                     Бапкер көмекшісі: Mandole Herman
                                                                                 Бапкер көмекшісі: Sako Kenichi