Алматыда мешітке келуші жамағат Қала күнін тойлайды

13.09.2018, Оқылғаны: 513
Алматыда қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Асыл мұра» бағдарламасы аясында Қала күні мерекесіне орай спорттық шара өткізіледі, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Бұл спорттық шара осы жұма, қыркүйектің 14-і  күні Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің алаңында (әл-Фараби-73 даңғылы) өтеді. Басталуы сағат 14:00-де.
 
Кез келген қала қонақтары мен осы мешітке келуші жамағаттар арасында спорттық және елімізің эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламалар ұсынылады.  
 
Сонымен қатар, кез келген  келуші  қошқар көтеру, асық ату, арқан тарту, гір көтеру, қазақ күресі, ләңгі тебу сынды спорт түрлерінен өз күштерін сынап, бағалы сыйлықтарға ие бола алады.  Сондай-ақ, мешітке келушілерге арналған  мерекелік дастархан жайылады.
 
Айта кетер жайт, «Асыл мұра» қаладағы мешіттерге келуші жамағаттар арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Бұл бағдарлама аясында әр сенбі және жексенбі сайын қаламыздың футбол алаңдарында күнтізбеге сәйкес футбол лигасы өтуде. Оған барлық мешітке келуші жамағат қатыса алады. Жарыстын жалпы жүлде қоры 1 млн. теңге.