«Алматы туры - 2018» веложарысына Apple Team командасы алғаш рет қатысады

19.09.2018, Оқылғаны: 353
Қыркүйектің 29 мен 30 күні аралығында өтетін «Алматы туры- 2018» халықаралық кәсіби шоссейлік веложарысына алғаш рет Apple Team алматылық құрлықтық велокомандасы қатысады.

Команданың құрылу тарихы ерекше. Ол еліміздегі алғашқы аудандық клубтарының ішінен шыққандардың бірегейі – «Алматы велоклубы». Былтыр Алматы әкімдігінің қолдауымен Apple Team клубына құрлықтық команда деген жаңа мәртебе берілді. Команданың құрамына қалалық, елдік және халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп жүрген, келешегінен үміт күттірер жас шабандоздар кіреді. Айта кету керек, құрамның негізгі бөлігін алматылық велошабандоздар құрайды.

Команда ресми түрде өткен жылы «Алматы туры - 2017» жарысының мерей тойы кезінде таныстырылған. Ал небары бірер айдан соң құрам Халықаралық велосипедшілер ұйымының (UCI) құрлықтық лицензиясын алды.

«Әсіресе, қаламызда велоспорттың дамуы қарқын алып келе жатқанда Алматыда велокомандалардың құрылуы әдеттегі үрдіс. Мыңдаған алматылық велосипедті көлік ретінде пайдаланады. Және де велоспорт мыңдаған тұрғындардың сүйікті ісіне айналып үлгергені қашан.  Осындай әуесқойлардың бас қосуынан өздеріміз байқағандай кереметтей, нағыз алғыр ұжымның шығуы мүмкін екеніне көзіміз жетіп отыр. Артында мықты тәжірибе тұрғанда команданың келешегі әрдайым мықты болмақ, - дейді Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Аманбек Кульчиков.
– Сонымен қатар бұл жерде қала әкімшілігінің қолдауын атап өтпесе болмайды. Әкімшіліктің көмегінсіз команданы халықаралық деңгейге шығару оңайға соқпасы анық. Келесі маусымнан бастап команданы белсенді түрде Қазақстан велоспорт федерациясы қолдайтын болады. Біз бірлесе отырып команданың дамуы мен жоғары деңгейге шығуына барымызды саламыз.
Былтыр Apple Team командасы ұлттық клуб ретінде саналғандықтан Алматы туры жарысына қатыса алмады. Енді жігіттердің қолында құрылықтық лицензияның барында оларға қатысуға жол ашылып отыр. Менім ойымша, жарыс қожайыны ретінде өнер көрсету екі есе мәртебе шығар».

Құрлықтық команда есебінде «Apple Team» үшін бірінші маусым өте қанық өтті. Барлық спортшы 15 халықаралық жарысқа қатысып, келесідегідей жетістіктерге жетті:
  • -  «Tour of Cartier» таулы сыныптамасында 1-ші орын;
  • - «Tour of  Mediterranean» командалық есептің үшінші кезеңінде 1-ші орын;
  • - «Tour of Mesopotamia» таулы сыныптамасында 2-ші орын;
  • - «Tour of  Mesopotamia» екінші кезеңінде 3-ші орын;
  • - «Tour of  Mediterranean» бірінші кезеңінде 5-ші орын;
  • - «Tour of Cartier» төртінші кезеңінде 5-ші орын.
Apple Team үшін ағымдағы жылы «Алматы туры - 2018» маусымы соңғы жарыс болмақ.
 
Ұйымдастырушылар:

Алматы қаласы әкімдігі
Қазақстан велосипед спорты федерациясы
Дамыту және көмектесу велосипед спорты қоры