Алматыда «Буревестник» жағажай волейбол клубының марапаттау рәсімі өтті  

19.09.2018, Оқылғаны: 450
Алматыда ABB аренада жағажай волейболдан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы «Буревестник» клубының марапаттау рәсімі өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 

Оларды құттықтау үшін Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Рүстем Байсеитов, РГУ президент аппаратының кеңесшісі Нұрлан Жанабилов, «Буревестник-Алматы» волейбол клубының президенті Амангелді Шабдарбаев және т.б. келді.
 

- Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтап, алдағы уақытта тек сәттілік тілегім келеді. Алматының атын халықаралық жарыстарда шығарып жүргендеріңізге алғыс білдіремін. Сондай-ақ, клуб президентіне де қолдау көрсетіп жүргені үшін алғысым шексіз. Алматы әкімдігі сіздерді ары қарай қолдайтын болады, - деді Рүстем Байсеитов.

 
Өз кезегінде «Буревестник» жағажай волейбол клубының бас бапкері Денис Ровкин барлығына алғыс білдіріп, тек сәттілік тіледі.
 
Айта кету керек, Алматы жағажай волейболшылары биыл ел чемпионатында жеңімпаз атанып, жақында Қазақстанның атынан Грузияның Тбилиси қаласында өткен 10-шы халықаралық жарыста өнер көрсеткен болатын.
 

- Біз биыл екінші рет Грузияға қонақ болып бардық. Онда әр елден келген 16 команда қатысып, соның ішінен екінші орынға ие болдық. Финалда ресейліктерге жол беріп қойдық, дегенмен жеңіске жақын тұрған едік, тек сәттілік жетіспеді, - деді бас бапкер Денис Ровкин.

 
Оның айтуынша үш күннен соң жағажай волейболшылар Таиландқа аттанады. Олар Қазақстанның атынан Азия чемпионатына қатыспақ.
 
Салтанатты шарадан соң, жаңа маусымға дайындалып жүрген «Буревестник» волейбол кулбы жаттығу өткізіп, өзара ойын көрсетті. Олар бірнеше күннен кейін Мәскеуде өтетін турнирде өз бақтарын сынайтын болады.