Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасындағы спартакиада Орталық стадионның 60-жылдығына арналады

20.09.2018, Оқылғаны: 380
Осы сенбі, қыркүйектің 22-і күні,  «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында Орталық стадионның 60-жылдығына арналған спартакиада өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Жарыс Орталық стадионда шағын футбол, арқан тарту, асық ату, жеңіл атлетика, балалар дуатлоны (жүгіру-100 м, велосипед-200 м, жүгіру-100 м) спорт түрлерінен өткізіледі. Басталуы 10:00-де.
 
Спартакиадаға Алматы қаласының балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің командасы қатысады. Жарыстар Қазақстан Республикасының барлық спорт түрлері бойынша оңайлатылған ережелерімен өткізіледі.
 
Жеке және командалық спорт түрлері жеңімпаздары, жарыстар дәрежесіне тиісті диплом, медальдармен, сыйлықтармен, сондай-ақ, кубоктармен марапатталды. Жеңімпаздар кестеге сәйкес анықталады.
 
Айта кетер жайт, спартакиаданың басты мақсаты балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында  салауатты өмір салтаны насихаттау және үздік командаларын анықтау болып табылады.