Алматы студенттері жеңіл атлетикадан өзара мықтыны анықтайды  

20.09.2018, Оқылғаны: 434
Осы жексенбі, қыркүйектің 23-і күні, «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындары студенттері арасында жеңіл атлетикадан жарыс өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Жарыс Нархоз университеті стадионында өткізіледі. Басталуы 10:00-де. Қатысушы қыздар мен ұлдар 200, 500, 800 метр қашықтықта жүгіріп, сондай-ақ, эстафетада 4х100 метрде бақ сынайды.
 
Бұл Қазақстан Республикасының оңайлатылған ережелерімен өткізілетін жарысқа тек ЖОО студенттері қатыса алады.
 
Жеке және командалық қашықтық бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.
 
Айта кетер жайт, жарыстың  басты мақсаты ЖОО студенттері арасында үздік командаларды анықтап, жеңіл атлетиканы жастар арасында дамыту болып табылады.