Алматыда алғашқы рет «VeloFriends Junior - 2018» жарысы өтеді

20.09.2018, Оқылғаны: 196
Қыркүйектің 22-і күні Нархоз университетінің стадионында 7-12 жас аралығында балалар арасында алғашқы рет «VeloFriends Junior - 2018» веложарысы өтеді. Жарыс Халықаралық автокөліксіз күніне арналады.

«Автокөліксіз күн» әлемнің көптеген ірі қалаларында 1974 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы күні болатын барлық науқандар көліктің қоршаған ортаға зияны тиетіндігін еске салдырып, адамдарды көлікті аумастыратын қоғамдық көлік, велосипед, самокат немесе жаяу жүруге шақырады. Биыл «Автокөліксіз күн» ресми түрде әлемнің 43 мемлекетінде және 2100-ден астам қалаларында аталып өтіледі.

Ұйымдастырушылар балаларды спортқа баулап, компьютер ойындары мен теледидардан алшақтатып, белсенді әрі салауатты өмір салтына шақыруды көздеп өтыр! Велосипед қала бойынша қатынау үшін автокөлікті алмасытратын ең ыңғайлы тасымал құралдардың бірі.

Жас дәрежелері:
- 7-8 жас (2010-2011), (ұлдар/қыздар)
- 9-10 жас (2008-2009), (ұлдар/қыздар)
- 11-12 жас (202007-2006) (ұлдар/қыздар)

Қашықтық:
- 7-8 жас – стадионда бір айналым (400 м),
- 9-10 жас – стадионда екі айналым (800 м),
- 11-12 жас – стадионда үш айналым (1200 м).

Тіркелу 15.09.2018 басталады:
- 7-8 жас (2010-2011)
- 9-10 жас (2008-2009)
- 11-12 жас (2007-2006)

Жарыс ұйымдастырушылары - «VeloFriends» Қоғамдық қоры мен «Вело-Алматы» клубы, Нархоз Университетінің қолдауымен, “ВелоХалыкАлматы” велоқоғамдастығы және К. Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі.