Алматы студенттері арасында жеңіл атлетикадан жарыс өтті

23.09.2018, Оқылғаны: 316
Нархоз университеті стадионында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындары студенттері арасында жеңіл атлетикадан жарыс өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Қатысушы қыздар мен ұлдар 200, 500, 800 метр қашықтықта жүгіріп, сондай-ақ, эстафетада 4х100 метрде бақ сынасты. Бұл Қазақстан Республикасының оңайлатылған ережелерімен өткізілетін жарысқа тек ЖОО студенттері қатыса алады.

- Алматыда қалалық әкімдіктің қолдауымен апта сайын әр түрлі жарыстар өткізіліп тұрады. Біздің елімізде спорттық - бұқаралық іс-шаралар жанданып жатқандығына  қуаныштымын. Бүгінгі күні студенттер арасында жеңіл атлетикадан жарысқа  қатысып отырған барлық қатысушылар алғыстарын айтып және осындай жарыстарға барынша қатысуға ниет білдіруде, -  деп "Спорттық Алматы" ұйымдастырушыларының бірі Әлия Шайхан мәлімдеді.

Жеке және командалық қашықтық бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Айта кетер жайт, жарыстың  басты мақсаты ЖОО студенттері арасында үздік командаларды анықтап, жеңіл атлетиканы жастар арасында дамыту болып табылады.

Назарларыңызға жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін ұсынамыз:

200м ұлдар:
  • I Абдулманап Нурбол
  • II Добренюк Кирилл
  • III Буда Михаил
200м қыздар:
  • I Ахметова Лаура
  • II Закариянова Орынгул
  • III Рзакулова Сарифа
400м ұлдар:
  • I Кулекенов Тумар
  • II Кабдолдан Еркебулан
  • III Мырзабеков Ниязбек
400м қыздар:
  • I Аманбек Асем
  • II Ахатаева Сания
  • III Сатыпалды Камшат
800м ұлдар:
  • I Ануар Ергазы
  • II Жардамов Куан
  • III Чотпаев Нурдаулет
800м қыздар:
  • I Чазова Татьяна
  • II Токе Сандугаш
  • III Ботакоз Нигмет
4×100 эстафета ұлдар:
  • I КазАСТ
  • II ПС АПС КНБ 2
  • III ПС АПС КНБ 1
4×100 эстафета қыздар:
  • I КазАСТ
  • II СДУ
  • III Нұр-Мүбарак