«Алматинский Легион» Ұлттық лигаға оралды

01.10.2018, Оқылғаны: 458

«Алматинский Легион» баскетбол клубының директоры Олег Севергин клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында негізгі ұлттық чемпионатқа оралуын түсіндірді.

- «Алматинский Легион» командасы 2017/2018 маусымының «Негізгі лигасында» жеңіске жетуіне қарамастан, қаржы мәселелеріне байланысты 2018/2019 маусымының Қазақстан чемпионатына қатыспауы керек еді, бірақ чемпионаттың алдында команда Ұлттық Лига сапына қайта оралды. Мұның себебі неде?

- Біз 15 қыркүйекке дейін «Ұлттық Лигада» ойнауға қаржымыз болмады, ал біз ұлттық федерациясының ережелері бойынша 2017 Жоғары лиганың 2017-2018 жылғы жеңімпазы ретінде Ұлттық лигада өнер көрсетуге әбден лайық едік. Қаржыландыру болмағандықтан біз осы маусымды жіберіп аламыз деп ойладық, тек 2018-2019 жж. маусымында балалар және жастар командаларымен жұмыс жасауымыз керек болды. Сонда да, осы маусымдағы кәсіби команда бөлігінде ойнауға мүмкіндікті жіберіп алмаудың мүмкіндіктерін іздедік. Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ҚР ҰБФ-мен келіссөздер жүргіздік. Келіссөздер өз нәтижесін берді, қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Қарқынды дайындық кезеңін бастадық. Алматы қаласының әкімдігіне және ҚР ҰБФ-не клубтың барлық ұжымының атынан алғысымды білдіргім келеді.

- Осындай қысқа мерзімде команданы маусымға дайындау өте қиын, өйткені көптеген ойыншылар 2018/2019 маусымы үшін клубтармен келісімшартқа отырып үлгерді, команданың және жаттықтырушылар құрамымен қандай жұмыстар жүргізілуде?

- Қазақстан чемпионаты қарасаңында ойыншылардың барлығы дерлік басқа клубтармен келісімшартқа қол қойғандығы түсінікті. Бірақ біз өткен маусымдағы «Алматинский Легион» командасының жас ойыншыларының жартысымен және әлі алты ойыншылармен келісім-шарттар жасастық. Жеткілікті жауынгерлік күш жинадық. Тағы бір маңызды сәт – Олег Киселев басқаруымен өткен маусымдағы жаттықтырушылар құрамы. Бүгінгі күні команда құрамына көңіліміз толады, әрине, бізде уақыт көп емес, бірақ жақсы формаға кіруге әлі үш аптамыз бар.

- Клубтың алдағы маусымға жоспарлары мен міндеттері қандай?

- Биылғы маусымда Ұлттық лигада 7 кәсіби команда өнер көрсетеді: «Астана», «Каспий», «Тобол» , «Оқжетпес» , «Атырау Барысы» , «Атырау Барысы - 2» және «Алматинский Легион». Маусым қызықты өтеді деп ойлаймын, шамамен 45 ойын ұйымдастырылады, оның 25-27 біздің алаңда өтеді. Біз әрқашан жоғары міндеттер қоямыз, осы маусымда ең төменгі міндет Ұлттық лиганың үздік үштігіне кіру, ең көп жоғарысы финалда ойнау, 2019 жылғы Қазақстан кубогында бірінші орын үшін бәсекелесу. Сондай-ақ, бұқаралық және балалар мен жастар баскетболын дамыту, бес жас санаты бойынша (10-15 жас аралығы) Алматы қаласынның чемпионаттары және Алматы командаларының Қазақстан чемпионаттарына қатысуы мен Алматы қаласының 2016-2020 жж. бағытталған даму бағдарламасы аясындағы басқа жобалар басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл бағдарлама Алматы мен жалпы Қазақстанда баскетболды дамыту мәселесін жүйелі шешуге бағытталған.